Атырау облысында атыс болды: үш адамның жағдайы ауыр

29 мамыр, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Атырау облысында атыс болды: үш адамның жағдайы ауыр
Фото: Оңалхан Өнерхан

27 мамыр күні сағат түнгі 23.00 шамасында Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылы маңында бір топ адамның арасында қақтығыс болды, деп хабарлады Elordainfo.kz azh.kz-ке сілтеме жасап.

Бейресми мәлімет бойынша, оқиға далалықта болған. Өзара қақтығыстың соңы атысқа ұласып, салдарынан 39-40 жастағы үш адам жараланды.

Зардап шегушілер көршілес Мақат аудандық ауруханасына жеткізіліпті. Оның біреуінің жарақаты ауыр болуына байланысты санавиациямен Атырау облыстық ауруханаға жеткізілген.

Облыстық ДП баспасөз қызметі бұл факт бойынша қылмыстық іс көтерілгенін атап өтті.

«Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Қазіргі уақытта қақтығысқа қатысушыларды анықтау және ұстау үшін кешенді шаралар қолданылуда. Тергеу басшылықтың тікелей бақылауына алынған», - дейді полиция хабарламасында.

Айта кету керек, Сағыз ауылында бұдан төрт жыл бұрын дәл осындай оқиға орын алып, бір адам мерт болған еді.