00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Нартай» фильмі ресейлік көрермендерге ұсынылады

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
«Нартай» фильмі ресейлік көрермендерге ұсынылады

90-жылдары Германияда қалған қазақ танкисі Нартай туралы фильм Ресейде «Мариенплацтағы орыстар» деген атаумен көрсетіледі, деп хабарлады Elorda.info Хабар 24.kz-ке сілтеме жасап.

Продюсері Гүлнар Сарсенованың айтуынша, Еуропада бұл картинаны жылы қабылдады. Ресей көрермендерінің де көңілінен шығады деген үмітте.

Фильм бір жарым мың экранда көрсетіледі. Бұл Қазақстандағыдан 5 есе көп. Ресей көрермені оны асыға күтіп отыр. Комедия емес, адамды ойландыратын драма. Бұл мен түсірген патриоттық алғашқы  фильм,- деді фильм продюссері  Гүлнар Сәрсенова.

«Нартай» Ресейде прокатқа қыркүйек айының ортасында шығады. Кезінде жергілікті кинотеатрлар контентінің 80 процентін құраған Голливудтік фильмдер Ресейге сатылмайтын болды. Соның арқасында қазақ студияларының туындыларына бұл елдің экрандарына жол ашылды.