00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Ақмолалық полицейлер өзін нашар сезінген жүргізушіге көмек көрсетті

26 қараша, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Ақмолалық полицейлер өзін нашар сезінген жүргізушіге көмек көрсетті
фото: polisia.kz

Ақмолада полицейлер өзін нашар сезінген жүргізуші әйелді шұғыл түрде ауруханаға жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астана – Қабанбай батыр автожолының 20-шы шақырымында орналасқан «Бекет» блокбекетінде кезекшілік атқарған полиция қызметкерлерінен жүргізуші әйел көмек сұраған. Toyota көлігінің жүргізушісі полицейлерге өзін нашар сезініп, жағдайының күрт нашарлағанын, жүрегі сыр беруі мүмкін екенін айтқан. Жағдайдың шұғылдығын түсінген тәртіп сақшылары бірден әрекетке көшті.

Тәртіп сақшысы оны шұғыл түрде Қосшы қаласындағы медициналық мекемеге жеткізді. Полиция қызметкерлері әйелді аурухананың екінші қабатына көтеріп, дәрігерлердің қолына тапсырды. Дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында науқастың жағдайы тұрақтанып, қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Осы оқиғадан кейін азаматша полиция қызметкерлеріне шынайы ризашылығын білдірді. Ол тәртіп сақшыларының жеделдігі мен жанашырлығына ерекше алғысын айтып, олардың осындай қиын сәтте қол ұшын созғанын жоғары бағалады.