«Бауырына салу» фильмі тағы бір халықаралық марапатқа ие болды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінен
«Бауырына салу» фильмінің операторы Жанарбек Елеубек Asia World Film Festival (AWFF) фестивалінде «Үздік операторлық жұмыс» жүлдесін еншіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Асхат Кучинчирековтің «Бауырына салу» фильмі Қазақстан атынан ресми түрде «Шетел тіліндегі ең үздік фильм» номинациясында 2025 жылғы «Оскар» сыйлығына ұсынылды.
Фильм ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген.
Айта кетейік, «Бауырына салу» фильмінің премьерасы өткен жылы Сан-Себастьян кинофестивалінде өтті. Онда фильм сыншылар мен көрермендер тарапынан жоғары бағаланды. Фильм қазақ дәстүрі бойынша әжесінің тәрбиесінде болған баланың тарихын баяндайды.
Ұқсас жаңалықтар

21 қазан, 2025
Елордада Astana Art Fair 2025 заманауи өнер көрме-жәрмеңкесі өтеді

20 қазан, 2025
177 жүлде: Қазақстандық кино әлемдік экрандарды бағындырып жатыр

18 қазан, 2025
«Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда!» атты гала-концерт өтті

15 қазан, 2025
Қазақстандық «Бірлік» ансамблі Парижде өнер көрсетті