Президент Құрлық әскерлерінің жаңа бас қолбасшысын тағайындады
26 қараша, 2024
фото: Оңалхан Өнерхан
Еліміздің Қарулы күштерінде бірқатар ауыс-түйістер болды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімімен Мереке Мәтімұлы Көшекбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
Ержан Уақасұлы Ыбыраев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды;
Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.
Ұқсас жаңалықтар
8 сәуір, 2026
Президент Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келуге қатысты пікірін білдірді
3 сәуір, 2026
Президент білім сапасын арттыру және мектептердегі орын тапшылығын азайтуды тапсырды
30 наурыз, 2026
Қазақстанның 2026-2030 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жобасы қаралды
27 наурыз, 2026
Президент альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды