Қолжазбатанушылар Құрбанғали Халидұлының мұрасын талқылады

Қолжазбатанушылар Құрбанғали Халидұлының мұрасын талқылады
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында Құрбанғали Халидұлының қолжазба мұрасын сақтау, зерттеу және ғылыми айналымға енгізуге арналған Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының VIII отырысы өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға шығыстанушылар, түркітанушылар, тарихшылар, филологтар, ғылыми орталықтар мен жоғары оқу орындарының мамандары қатысты.

Отырыс барысында Құрбанғали Халидұлының қолжазбаларын зерттеу, транскрипциялау, аудару және ғылыми басылымға дайындау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар ғалымдарға «Тауарих-и хамса-и шарқи» («Шығыстың бес елінің тарихы») бес томдық еңбегінің III-V томдары, «Құрбанғали Халидұлы: дерек, тарих, таным» ғылыми жинағы және шығарманың жинақталған нұсқасы таныстырылды.

Жиын қорытындысында мамандар ұлттық жазба мұраны сақтау, зерттеу және оны ғылыми айналымға кеңінен енгізу бағытындағы алдағы жұмыстарды талқылады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылғаны хабарланған еді.