00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 55 мектеп пайдалануға берілді

26 қараша, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 55 мектеп пайдалануға берілді
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры  құрылған уақыттан бастап өңірлерде 92 мың оқушы орнына арналған 82 мектептің құрылысы қаржыландырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде орын жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында жаңадан білім беру ұйымдарын салу немесе жаңғырту, оған жапсарлас құрылыс салу жүзеге асырылуда.

«Мемлекет балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі таңда 70 мыңға жуық орындық 55 мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 7 нысанды іске қосу жоспарлануда», - деп атап өтті Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Мақсұтов.


Осылайша, 2024 жылдың басынан бері 18 жаңа мектеп салынды. Бұл мектептердің басым бөлігі Астана қаласында және Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстарында орналасқан. Жаңа мектептерде жайлы білім алу ортасын құру үшін қажетті жағдайлар жасалған. Аталған өңірлердегі бұл мектептердің құрылысы 9 білім беру ұйымының, оның ішінде, 6 үш ауысымды, 2 апатты және 1 ескі мектептегі орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік берді.