Олжас Бектенов Ұлттық экономика министрлігіне бірқатар тапсырма берді
24 қаңтар, 2025


Фото: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы және жағдайдың дамуының әртүрлі сценарийлері қарастырылған. Ықтимал қолайсыз факторлардың әсерін барынша азайту, сондай-ақ қолда бар артықшылықтарды пайдалану шаралары талқыланды.
Ұлттық экономика, Қаржы, Энергетика министрліктерінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшылығы әлемдік экономика дамуының Қазақстанға ықпалының есептеулері мен сценарийлерін ұсынды.
Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдармен бірлесе бірқатар тапсырма берілді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 15:08
Ұлттық қор қаражатын қайтарудың жаңа тәртібі қабылданды

1 тамыз, 2025
2024 жылы Қазақстанның экономикасы 5 пайызға өсті

31 шілде, 2025
Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады

30 шілде, 2025
2025 жылы әлемдік экономика көрсеткіші 3% артады - Халықаралық валюта қоры