Ұлттық ұлан офицері көпқабатты үйдегі өрттен зейнеткерді құтқарды

Бүгін, 18:02
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Ұлттық ұлан офицері көпқабатты үйдегі өрттен зейнеткерді құтқарды
Фото: Freepik.com

Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қарағандыда демалыс күні кешкі сағат 20:41 шамасында дүкеннен үйіне бара жатқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшісі – лейтенант Дастан Сайлаубеков көпқабатты үйдің пәтерінен қою түтін шығып жатқанын байқайды. Содан дереу кезекші қызметке хабарлап, оқиға орнына барады. Ол өрт шыққан пәтердің ішіне кіргенде ас үйде газ плитасының жанып жатқанын байқайды. Әскери қызметші дереу жанып жатқан ошақты өшіріп, үй иесі 63 жастағы зейнеткерді сыртқа шығарады. Оған жедел жәрдмем қызметі келгенше оған моральдық қолдау көрсетеді.

Лейтенант Дастан Сайлаубеков жедел әрі батыл әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алды.