2025 жылы әлемдік экономика көрсеткіші 3% артады - Халықаралық валюта қоры


Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) сейсенбі күні 2025 жылғы әлемдік экономиканың өсуін 3 пайызға артады деп болжам жасады, бұо сәуір айында жарияланған болжаммен салыстырғанда 0,2% жоғары, деп хабарлайды Elordainfo.kz Синьхуаға сілтеме жасап.
Дамыған елдер экономикасы үшін болжам 1,4 пайыздан 1,5 пайызға дейін көтеру жағы қарастырылды.
Атап айтқанда, жоғары экономикалық өсім АҚШ, еуроаймақ елдері, Жапония, Ұлыбритания, Канада, Қытай, Үндістан, Бразилия, Мексика, Сауд Арабиясы және Нигерия елдері үшін экономикалық көрсеткіш қарқыны өсті.
Құжатта белгіленгендей, жылдық болжамның масштабтық қарастырылуы шартты түрде өсті. Оған импорттаушылардың кедендік баждардың өсуін болжап, жеткізілімдерді алдын ала ұлғайтуы, сәуір айында жарияланған орташа тарифтік ставкадан АҚШ-тың көрсеткіші төмен болуы, қаржылық жағдайдың жақсаруы, соның ішінде АҚШ доллорының арзандауы, салықтық ынталандыру шараларының бірқатар елдерде кеңеюі себеп болып отыр.
Сара Қамзаева