«1 триллион теңге»: депутат «Бәйтерек» холдингінің табысын қадағалау мәселесін көтерді

Бүгін, 15:33
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
views51
«1 триллион теңге»: депутат «Бәйтерек» холдингінің табысын қадағалау мәселесін көтерді
Фото: Елнұр Бейсенбаевтың парақшасынан алынды

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев «Бәйтерек» холдингінің табысын қадағалау мәселесін көтерді. Сөзінше "Бәйтеректің" капиталындағы 1 трлн теңге бюджеттің тапшылығын шешуге қомақты сома. 

Былтыр тікелей «АМАNАТ» партиясының депутататтары «Самұрық-Қазына» қорының табыс дивидендтерінің 50 пайызын мемлекеттік бюджетке аудару мәселесін заңмен шегеледі. Бұл – шамамен 500 миллиард теңге қаражат.

Алайда аталған соманы бюджет жоспарында көрмей отырмыз. Сондай-ақ «Бәйтерек» холдингін капитализациялауға жыл сайын 1 триллион теңге бөліну жоспарланып отыр. Үкіметтің пайымдауынша, бұл экономиканы ынталандыруға бағытталады. Бірақ аталған қаражаттың негіздемесі жоқ, депутаттардың арқасында Үкіметтің кепілі берілді. 1 триллион теңге – өңірлердің бюджеттегі тапшылығын шешуге болатын қомақты сома. Сондықтан «Бәйтеректің» капитализациясына бөлінген қаржының әрбір теңгесі Мәжіліспен бірге нақтылануға тиіс, - деді депутат Елнұр Бейсенбаев.