Құтқарушылар Алматы тауларында адасқан туристерді эвакуациялады
Фото: ТЖМ
Алматы тауларында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Башут шыңынан түсу кезінде адасып кеткен төрт туристі эвакуациялады, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, туристер бағдарын жоғалтып, соқпаққа өз бетінше шыға алмаған.
«Барлық қатысушының қара киім киіп алғаны іздеу жұмыстарын қиындатты. Қараңғы уақытта оларды байқау өте қиын болды», – делінген хабарламада.
Көмекке ТЖМ Құтқару қызметінің кезекші тобы шыққан. Құтқарушылар «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына жетіп, «Шымбұлақ» өзеніне қарай бағыт алған туристерді тауып, төмен түсіріп әкелді. Барлық турист қауіпсіз жерге жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 13:12
Құлсары қаласында көшеде жүрген түйе баланы таптап кетті
Бүгін, 12:52
Жамбыл облысында оқушының сабаққа қатыспағаны үшін ата-анасы жазаланды
Бүгін, 11:34
Ақтөбедегі жол апаты: ауыр жарақат алған бір адам Астанаға жеткізілді
Бүгін, 09:35
Шымкентте бір жасар бала 4 сантиметрлік шеге жұтып қойған
