Тоқаев Си Цзиньпинді туған күнімен құттықтады
15 маусым, 2026
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент хатта ҚХР Төрағасының Қазақстан мен Қытай арасындағы мызғымас достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген мәңгі жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға зор үлес қосқанын атап өткен.
Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының қазіргі «алтын отызжылдық» кезеңінде екіжақты ынтымақтастық жоғары қарқынын сақтай отырып, одан әрі нығая түсетініне және ықпалдастықтың жаңа бағыттарын қамтитынына сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Қытай халқына бақ-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
18 қыркүйек, 2026
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
16 қыркүйек, 2026
Ерлан Қарин ішкі саясаттағы үш басым бағытты нақтылап берді
16 қыркүйек, 2026
Тоқаев: Қазақстан Кореямен AI мамандарын даярлау бағдарламасын іске қосуға дайын
16 қыркүйек, 2026
Президент Корея компанияларын жаңа мұнай-газ өндірістерін ашуға шақырды