Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында күміс жүлде иегері атанды

29 наурыз, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында күміс жүлде иегері атанды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Астанада өтіп жатқан семсерлесуден (шпага) Әлем кубогында қазақстандық Руслан Құрбанов күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Финалда жерлесіміз Украина құрамасының өкілі Роман Свичкарға жол берді.

Шешуші кездесу 15:12 есебімен Свичкардың пайдасына аяқталды. Осылайша, Руслан Құрбанов жарысты екінші орынмен түйіндеді.

Айта кетейік, бұған дейін Құрбанов Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде жеңіске жеткен болатын.

Еске салайық, бұған дейін Руслан Құрбанов әлем кубогының жартылай финалына жолдама алғаны туралы жаздық.