Референдум-2026

Қазақстандық ескек есушілер жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысады

Бүгін, 14:28
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қазақстандық ескек есушілер жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысады

6 тамызда Болгарияның Пловдив қаласында академиялық ескек есуден 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Әлем біріншілігінде Қазақстан атынан екі спортшы сынға түседі. Семён Первушкин және Дмитрий Ануприев ел намысын қорғайды.

Отандастарымыз ерлер арасындағы жұптық сайыста өнер көрсетеді.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 9 тамызға дейін жалғасады.