Президент үш заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды бекітті.
Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Бұдан бөлек, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң да қабылданды.
Заңдардың толық мәтіндері мерзімді баспасөз беттерінде жарияланады.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Польша Сенатының Маршалы Малгожата Кидава-Блоньсканы қабылдады.