Кинотеатрларда ана мен баланың арасындағы байланыс туралы отандық драма көрсетіледі
5 наурыз, 2026
Фото: «Мама» фильмін түсіру тобы
5 наурыздан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында «Мама» фильмін көрсетіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Фильмнің бас продюсері – Назгүл Қарабалина, қоюшы-режиссері әрі сценарий авторы – Айбек Нығмет. Басты рөлдерді Азамат Сатыбалды, Алишер Исмаилов, Рахилям Машурова және Назгүл Қарабалина сомдайды.
Кинокартина жазасын өтеп, бостандыққа шыққан Темірдің тағдырын баяндайды. Өмірін жаңадан бастауға бел буған кейіпкер үшін өткеннің ізі өшпейді. Ұмыттым деген күнә көлеңкеңдей соңынан қалмайды. Тағдыр оны ең ауыр сынақпен бетпе-бет әкеледі. Ол деменцияға шалдыққан анасы.
Бұл — қателік пен кешірім, парыз бен ар арасындағы тартыс туралы драма.
Еске сала кетсек, Қазақстан киносының күндері ауылдан басталды.
Ұқсас жаңалықтар
1 тамыз, 2026
Қазақстанда қайырымдылық саласындағы құрметті атаққа құжат қабылдау басталады
31 шілде, 2026
ҚАТЗУ-дың «Шабыт» ансамблі Болгариядағы халықаралық фестивальде ел намысын қорғады
30 шілде, 2026
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде реставрациялық жұмыстар жалғасуда
28 шілде, 2026
Мәдениет және ақпарат министрлігінде үш өңірдің мәдениет саласындағы жартыжылдық жұмысы қорытындыланды