Ақмолада көлігі қарға батып қалған шетелдік қонақтар құтқарылды
6 наурыз, 2026
Фото: ТЖМ
Ақмола облысының Ерейментау ауданында далада қалған шетелдіктерді ТЖД қызметкерлері құтқарды , деп хабарлайды Elordainfo.kz
Қойтас ауылының маңында Қытайдың екі азаматы мен Қазақстанның екі азаматы отырған автокөлік қалың қарға батып қалған. Өз бетінше шыға алмаған.
Құтқарушылар адамдарды тауып, эвакуациялады. Төртеуі де жақын елдімекенге аман-есен жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
ТЖМ алыс жолға шығар алдында ауа райына мән беріп, қыста дала жолдары арқылы жолды қысқартуға тырыспауды ескерті.
Ұқсас жаңалықтар
14 наурыз, 2026
Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам қамалды – ВИДЕО
13 наурыз, 2026
Елімізде жыл басынан бері заңсыз айналымнан 580 қару тәркіленді
12 наурыз, 2026
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 11 адам эвакуацияланды
12 наурыз, 2026
ШҚО-да жол саласындағы мекемеде жұмыста жоқ адамға жалақы төленіп келген