«191 млн теңге жымқырды»: Түркістан облысында басқарма басшысы күдікке ілінді
28 қазан, 2025
Фото: Freepik.com
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Түркістан облысының бірқатар жергілікті атқарушы органдары басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеулер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Атап айтқанда, қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін бөлінген 191 млн теңге бюджет қаражатын бағыныштысымен сөз байласып ұрлаған Қоғамдық даму басқармасының басшысы бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр», - деп хабарлады ҰҚК.
Сондай-ақ Ветеринариялық қызмет басқармасының басшысы оң қорытынды алу үшін комиссия өкілдеріне 16 млн теңге мөлшерінде пара берген. Бұл фактіні де Антикор тексеріп жатыр.
«Соттың санкциясымен осы тұлғалар қамалды», - деп хабарлайды ҰҚК.
Ұқсас жаңалықтар
14 наурыз, 2026
Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам қамалды – ВИДЕО
13 наурыз, 2026
Елімізде жыл басынан бері заңсыз айналымнан 580 қару тәркіленді
12 наурыз, 2026
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 11 адам эвакуацияланды
12 наурыз, 2026
ШҚО-да жол саласындағы мекемеде жұмыста жоқ адамға жалақы төленіп келген