Жаңадан тағайындалған оқу-ағарту министрі ант берді

Бүгін, 10:04
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
views44
Жаңадан тағайындалған оқу-ағарту министрі ант берді
Фото: Үкімет отырысынан скрин

Үкімет отырысында жаңадан тағайындалған оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ант берді.

Қазақстан Республикасының халқы мен президенті алдында, өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне өзімнің барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі және дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін көтере беруге ант етемін, - деді министр.