V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Көкпардан ұлттық құрама финалға шықты

Фото: Сұлтан Сейіт
Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы финалға шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
«Көкпаршылар Ресей командасын 18:2 есебімен жеңіп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына жолдама алды. Финалда Қазақстан Қырғызстан-Түркия кездесуінде жеңіске жеткен командамен алтын жүлдені сарапқа салады. «Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі. Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия», - деп жазылған хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

17 қыркүйек, 2025
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде HR-қызметтеріне арналған Open Day өтті

17 қыркүйек, 2025
Астанада жаңа құрылыс кодексіндегі өзгерістер талқыланды

17 қыркүйек, 2025
Ұлттық ұлан су жаңа көліктермен вальс билеп, видеоға түсірді

17 қыркүйек, 2025
Елордада екі автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді