00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«TikTok» желісінде құмар ойын ұйымдастырған астаналықтар 4 жылға сотталды

13 тамыз, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
«TikTok» желісінде құмар ойын ұйымдастырған астаналықтар 4 жылға сотталды
фото: ашық дереккөзден

Астанада 2 азамат «TikTok» әлеуметтік желісінде құмар ойындарын ұйымдастырғаны және өткізгені үшін бас бостандығынан айырылды.  Бұл туралы Elorda.info Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады.

Олар ойын бизнесі туралы заңнамада белгіленген орындардан тыс жерлерде құмар ойындарды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін 4 жылға сотталды.

Қалалық прокуратураның мәлімдеуінше, кінәлі тұлғалар алдын ала сөз байласу арқылы «TikTok» әлеуметтік желісінде «Зарик» атты құмар ойын өткізіп, жалпы сомасы 34 млн теңгеден астам табыс тапқан.

«Ойынның шартына сәйкес, тікелей эфирге қосылған азаматтар 500-ден 4000 теңгеге дейінгі мөлшердегі белгіленген соманы ұйымдастырушының есепшотына есімін және ұтыс алу үшін жеке телефон нөмірін көрсете отырып жолдайды. Бір ойын тек екі қарсыластың арасында өтеді. Бәс тігудің жеңімпазы 3 ойын текшесін айналдыру арқылы анықталған. Ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз болып табылады», - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.