00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Өскеменде блефаропластикалық ота жасатқан әйел ауруханада көз жұмды

14 тамыз, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Өскеменде блефаропластикалық ота жасатқан әйел ауруханада көз жұмды
фото: ru.sputnik.kz

Өскемен қалалық № 2 соты блефаропластикалық ота жасатқан әйелдің өліміне қатысты істі қарады, деп хабарлады Elorda.info YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық соттың мәлімдеуінше, косметологиялық қызмет көрсетумен айналысатын К. есімді әйел клиенттерінің біріне блефаропластика отасын жасау кезінде А.-ны көмекші- ассистент болуға шақырған. Отадан кейін пациенттің бетінде ісік пайда болған соң оған ине салуды тапсырады.

Медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы болмаса да А. пациентке сынама ретінде лидокаин қосылған цефтриаксон салған. Осыдан кейін әйелдің жағдайы күрт нашарлап, облыстық мамандандырылған медициналық ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілді.

Сот үкімімен А. 2 жарым жылға бас бостандығы шектелді. Сонымен қатар оған 3 жыл бойы медициналық қызметпен айналысуға тыйым салынды.  Үкім заңды күшіне енген жоқ.