Елордадан қыс басталғалы 5 мың текше метрге жуық қар шығарылды

Елордадан қыс басталғалы 5 мың текше метрге жуық қар шығарылды
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Астананың коммуналдық қызметі тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Қар күреу жұмысы күндіз-түні жүргізілуде, деп хабарлады Elordainfo.kz.

5 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмысына 2 608 жол жұмысшысы мен 1 689 арнайы техника жұмылдырылды.

5 ақпанға қараған түні коммуналдық қызметтер 3 757 рейс арқылы қаладан 51 мың текше метрден астам қар шығарды.

Қыс мезгілі басталғалы қаладан полигондарға коммуналдық қызметтер 390 181 рейсімен 4 млн 987 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.

Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.

Айта кетейік, қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, онда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.