00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Елордада қандай қоғамдық кеңістіктер абаттандырылады

Елордада қандай қоғамдық кеңістіктер абаттандырылады
фото: instagram.com/kanalimov

Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы алдында мемлекеттік мұқтаждық үшін жер телімдері мен басқа да жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару жөніндегі шарт жобалары келісілді. Қаладағы қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру шеңберінде келесі жұмыстар жоспарланған: Жамбыл көшесі, №8 үйдің маңында қоғамдық аумақты абаттандыру; Керегетас және Г.Потанин көшелерінің қиылысында мектеп салу. Республика даңғылы мен Гете көшесінің қиылысында коммерциялық жайлар мен жерасты автотұрағы бар көпқабатты тұрғын үй кешенін салу»,- деп жазды Ерлан Каналимов.


Мәслихат төрағасының жазуынша, қала бюджетін 2024-2025 жылдарға түзетуге арналған жекелеген басқармалардың бюджеттік өтінімдері қаралды.

"Әртүрлі жобаларға қаражат бөлу қажеттілігіне қатысты ұсыныстар енгізілді. Бұл ішкі саясат, жастар саясаты, сондай-ақ дін саласын қамтиды. Атап айтқанда, жұмыспен қамту, есірткіге қарсы күрес жобаларын жүзеге асыру мәселелері көтерілді. Сонымен бірге, қала тұрғындарына атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттық-түсіндіру шараларының жеткіліксіздігі туралы сөз болды, себебі көптеген азаматтар әкімдіктің басқармалары жүргізіп жатқан жұмыстардан хабарсыз",- деп жазды мәслихат төрағасы.