Астанадағы санкцияланбаған қоқыс үйінділерінен 2,5 мың тоннаға жуық қалдық шығарылды


Астанада рұқсат етілмеген қоқыстарды жою жұмысы қызу жүріп жатыр. Қаланың әр ауданында заң бұзушылықтарды анықтау үшін тұрақты мониторинг жүргізіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Стихиялық полигондармен күрес тек жою арқылы ғана емес, сонымен бірге құқық бұзушыларды жауапқа тарту арқылы да жүзеге асырылады. Қалада мобильді топтар мен бұзушылықтарды тіркейтін iKomek жүйесі белсенді жұмыс істейді.
«2025 жылдың басынан бері «Байқоңыр» ауданында 7 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталып, ол орындардан 230 тонна қоқыс шығарылды. «Сарыарқа» ауданында да осы жылдың алғашқы айларында 7 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды, оның 6 -ы жойылды. Жұмыс барысында 115 тоннадан астам құрылыс және тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Ауа райы жылынған уақыттан бастап «Есіл» ауданында 2000 тонна қоқыс шығарылды. «Сарайшық» ауданында сәуір айының соңына дейін 4 учаскені жою жоспарланған. Мысалы, аталмыш ауданда дрон көмегімен заңбұзушылық анықталды. Лас суды төгу сәті дрон көмегімен анықталды. Техниканың мемлекеттік нөмірі одан әрі шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді»,- делінген хабаралмада.

Аудан әкімдігі мен экологиялық полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында заңбұзушы 20 минут ішінде анықталды. Осы лас суды төккені және қоршаған ортаны ластағаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылған. Жүргізушіге 145 484 теңге айыппұл салынды. Техника айып тұрағына қойылды.
«2025 жылы «Нұра» ауданында 4 орыннан 57 тонна қоқыс шығарылды. Қалалық сенбіліктер кезінде рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмысына құрылыс компанияларын тарту жоспарланып отыр. Жүргізілген мониторинг барысында «Алматы» ауданында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталған жоқ. Бұдан басқа, коммуналдық қалдықтарды анықтау үшін цифрлық картаны енгізу және қоқысты шығару маршруттарын оңтайландыру үшін жасанды интеллектті пайдалану жоспарланып отыр. Бұл қоқыстардың шығарылуын бақылауға және полигондардың алдын алуға мүмкіндік береді»,- деп жазылған әкімдік хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 13 наурызында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 344-бабына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес белгіленбеген орындарда қоқыс тастағаны үшін жаза күшейтілді.



