Астанада көмірді қайдан және қаншаға сатып алуға болады

Биыл елордада халыққа көмір сатуға арналған 17 қойма жұмыс істейді, олардың ішінде 14 сату орны бар. Барлығы тиісті инфрақұрылыммен және жүк тиеу-түсіру техникасымен толық қамтамасыз етілген, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аталған сату нүктелерінде 8 компания көмір сату қызметін жүзеге асырады.
Олар мына мекенжайларда орналасқан: Герцен көшесі, 4/1, Герцен, 6/2, Көктал, 28/2, Мақат, 40, Жамбыл Жабаев, 76, Ахмет Жұбанов, 35, Дулатов, 182/1, 85-көше (ЖЭО-3 ауданы), учаске 9А, Герцен 6Б.
Қазіргі таңда Астанада көмірдің орташа бағасы мынадай:
• Шұбаркөл – тоннасы 18 000 тг;
• Қаражыра – тоннасы 18 500 тг;
• Майкөбе – тоннасы 15 500 тг.
Еске сала кетейік, қалада «109» нөмірлі жедел желі жұмыс істейді. Онда көмірдің бар-жоғы, бағасы және сату нүктелері туралы қажетті ақпарат алуға болады.