Қор нарығында доллар тағы арзандады
![Ғани Атымтай](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қор нарығында доллар тағы арзандады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173892735046673044.webp)
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,88 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 511,18 теңге.
Ұлттық банктің 7 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 515,31 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,30 теңге. Еуро — 533,96.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 514 теңге. Еуро 531 — 536 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 511,9 теңге, сатып алу құны — 517 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 536 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,22 - 5,32 аралығында саудаланып жатыр.
![Атырау облысында қант зауыты салынады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173893035846567086.webp)
![Президент: Шағын және орта бизнесті қолдау мәселесі Үкімет назарында болады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173893120424378826.webp)
![Астана және Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі 7 ақпандағы валюта бағамы](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173890947316022303.webp)
![Қазақстан мен Грузия бағыты бойынша жүк тасымалы 9 есеге өсті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173883541535521996.webp)