Мәдина Әжікенова: Таза қала өзімізден басталады
Астана қаласы VIII сайланым мәслихатының депутаты Мәдина Әжікенова қала тазалығы тек ауқымды жобалармен емес, тұрғындардың күнделікті мәдениеті мен жауапкершілігінен басталатынын атап өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Оның айтуынша, ауланы таза ұстау, көшеге қоқыс тастамау, ағаштар мен қоғамдық кеңістіктерге ұқыпты қарау – қала мәдениетінің маңызды көрсеткіштері.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Таза Қазақстан» бастамасы аясында осы мәселеге ерекше тоқталды. Меніңше, жаңа саябақтар мен қоғамдық орындар салу қаншалықты маңызды болса, оларды таза ұстап, күтіп, сақтай білу де соншалықты маңызды.
«Таза Қазақстан» бір күндік акция емес, күнделікті әдетімізге айналса екен. Өйткені таза әрі жайлы қала - бәрімізге ортақ. Оны таза ұстау да бәрімізге ортақ жауапкершілік», - деді Мәдина Әжікенова.
Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысушылар алдында сөз сөйледі.