Алматыда полиция биометриялық бейнеталдау функциясы бар AR-ақылды көзілдірігін сынақтан өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, құрылғы әзірге пилоттық режимде қолданылып жатқанына қарамастан, алғашқы практикалық нәтижесін көрсетіп үлгерген.
«Жақында қаладағы мешіттердің бірінде осы құрылғының көмегімен іздеуде жүрген ер адам анықталды. Ақпарат тексерілгеннен кейін ол ұсталып, одан әрі процестік әрекеттер жүргізу үшін тиісті органға тапсырылды», - делінген хабарламада.
Технология қызметкерге смартфон немесе планшетке алаңдамай-ақ, адамның бет-әлпеті бойынша іздеудегі тұлғамен сәйкестік болуы мүмкін екені туралы ақпаратты тікелей көзілдірік экранынан көруге мүмкіндік береді.
Подлиция аталған құрылғының, әсіресе, адам көп жиналатын қоғамдық орындарда патрульдік қызмет атқару кезіндегі маңыздылығына тоқталды. Өйткені іздеуде жүрген адамдарды дер кезінде анықтауға жол ашады.
Еске салайық, бұған дейін Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті бақылай бастағаны туралы жаздық.