«Таза Қазақстан»: Конституциялық Сот қызметкерлері елордада көшет отырғызды

21 қыркүйек, 2026
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
«Таза Қазақстан»: Конституциялық Сот қызметкерлері елордада көшет отырғызды
Фото: Конституциялық Сот

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Астанада жалпықалалық сенбілік өтіп, іс-шараға Конституциялық Соттың судьялары мен Аппарат қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Конституциялық Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенбілік барысында Конституциялық Сот ұжымы «Астана-Зеленстрой» мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп, елорда аумағына жөке, қарағаш және қарағай көшеттерін отырғызды.

Экологиялық акция Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – қаланы абаттандыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық бастамаларды қолдау.

Бұған дейін елімізде «Мейірімділік апталығы» басталғанын жаздық.