Астанада Еңбек күніне орай веломаусымның жабылуы өтеді

Бүгін, 12:32
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада Еңбек күніне орай веломаусымның жабылуы өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада 26 қыркүйекте Еңбек күніне арналған «Менің жетістігім – менің нәтижем» велошеруі өтеді. Іс-шара 2026 жылғы веломаусымның жабылуына орай ұйымдастырылып, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Велошеруге 700-ге жуық адам қатысады деп жоспарланып отыр. Қатысушылар 25 шақырым қашықтықты еңсеріп, елорданың айналма веложолы арқылы Ильинка (Үркер) елді мекеніне дейін барады.

Велошерудің басталуы сағат 09:00-ге жоспарланған. Старт айналма веложолдың Қосшы бағытына қарай орналасқан бөлігінен беріледі. Финиш «Жасыл белдеу» саябағында болады.

Старттық нөмірлерді беру 26 қыркүйекте сағат 07:00-ден 08:30-ға дейін жүргізіледі.

Велошеру қорытындысы бойынша қатысушылар арасында жүлделер ойнатылады. Сонымен қатар 10 велосипедтің ұтыс ойыны өтеді.

Велошеруге қатысу үшін тіркелу 22 қыркүйек күні сағат 09:00-де басталады. Тіркеу reg.elordasport.kz сайты арқылы жүргізіледі.

Еске салсақ, Астана мұғалімдеріне балаларды құқықбұзушылықтан қорғау жолдары түсіндірілді.