WTT Star Contender Astana 2026 – President’s Cup-тың алғашқы жеңімпаздары анықталды
Астанада WTT Star Contender Astana 2026 – President’s Cup халықаралық турнирінің жұптық сайыстарындағы финалдық матчтар аяқталды. Ерлер және әйелдер жұптары арасында алғашқы жүлде жиынтықтары сарапқа салынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Ерлер арасындағы жұптық сында Румыния өкілдері Эдуард Ионеску мен Дариус Мовиляну жеңімпаз атанды. Финалдық тартысты ойында ресейлік Никита Артеменко мен Денис Ивонин жұбын жеңді.
Әйелдер арасындағы жұптық сында Жапония теннисшілері Миу Хирано мен Мию Кихара чемпион атанды. Екінші орынды Хоноки Хашимото мен Адриана Диастан құралған халықаралық жұп иеленді.
WTT Star Contender Astana 2026 турнирі Астанада дәстүрлі Қазақстан Президентінің Ашық кубогы аясында өтіп жатыр және әлемдік үстел теннисінің жетекші спортшыларын біріктіреді.


Турнирге Олимпиада ойындарының, әлем чемпионаттарының, құрлықтық біріншіліктердің және ірі халықаралық жарыстардың жүлдегерлері қатысуда. Турнирдің басты жұлдыздары қатарында: Dimitrij OVTCHAROV (Германия), WANG Yidi (Қытай), Miu HIRANO (Жапония), FANG Bo (Қазақстан), YANG Ha Eun (Корея Республикасы), Patrick FRANZISKA (Германия), Alexis LEBRUN (Франция), Dang QIU (Германия), Bernadette SZOCS (Румыния), Elizabeta SAMARA (Румыния), Nina MITTELHAM (Германия), Ovidiu IONESCU (Румыния), Álvaro ROBLES (Испания), Darko JORGIC (Словения), Omar ASSAR (Мысыр), Quadri ARUNA (Нигерия), Adriana DIAZ (Пуэрто-Рико) және Manika BATRA (Үндістан).
