Қытай Халық Республикасында «Күз ортасы мерекесінің» атап өтілуіне байланысты 25 қыркүйекте Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы жеке тұлғаларды, көлік пен жүкті өткізу жүзеге асырылмайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz. Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Тасымалдаушылар мен шекарадан өтуді жоспарлап отырған азаматтар шектеуді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлауы керек.