Каратэші Софья Берульцева Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды

Каратэші Софья Берульцева Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Каратэден Қазақстан құрамасының көшбасшысы Софья Берульцева Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Спортшы Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасына төртінші алтын медальді сыйлады.

Софья 68 келіден жоғары салмақта финалға дейін жетті. Отандасымыз финалда тайландтық Манееван Буцуванды жеңді. Осылайша ол жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

Қазақстандық каратэші финалға дейін Дина Мостафаны (Сауд Арабиясы) жеңсе, жартылай финалда Непал өкілі Арика Гурунгтен басым түсті.

Бұл Софья Берульцеваның Азия ойындарындағы екінші алтын медалі.