Биыл күзде БАӘ-де Қазақстанның сауда үйі өз жұмысын бастайды

Бүгін, 16:58
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Биыл күзде БАӘ-де Қазақстанның сауда үйі өз жұмысын бастайды
Фото: ҚР Сауда және интеграция министрлігі

QazTrade Дубайда өңірлік өкілдігін ашады, деп хабарлады Elordainfo.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап. 

Бұл қазақстандық өндірушілерге БАӘ мен Парсы шығанағы елдерінің нарығына шығуға мүмкіндік береді. Өкілдік Expo City Dubai аумағындағы Қазақстан павильоны базасында жұмыс істейді. Кеңсе, шоурум, қойма, көрме және B2B алаңдары қарастырылған.

QazTrade Dubai қазақстандық өнімдерді аймақта жүйелі ілгерілетумен айналысады:

-тауарларды нарық талаптарына бейімдеу

- техникалық және сауда кедергілерін еңсеру

-мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыру

-экспорттаушыларды кешенді қолдау

Бұл бастама қазақстандық экспортты арттыруға және жаңа серіктестіктер орнатуға жол ашады.