Елімізде егін астықтарының экспорты 1 млн тоннадан асты

«Қазақстан Темір Жолы» компаниясының деректеріне сүйенсек, биылғы 1-31 қыркүйек аралығында жаңа егін астығын тасымалдау көлемі 1,3 млн тоннадан асты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28 пайызға (1053 мың тонна) артқан. Соның ішінде 318 мың тонна астық ішкі нарыққа (2024 жылы 186 мың тонна), ал 1029 мың тонна экспортқа шығарылған (2024 жылы 867 мың тонна). Өсу қарқыны 19 пайызды құрады.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, мұндай оң көрсеткіштер көрші елдерде де сақталып отыр. Мәселен, Өзбекстанда 50% (450 мың тонна), Тәжікстанда 16% (161 мың тонна), Қырғызстанда 4,6 есе (32 мың тонна), Әзірбайжанда 60 есе (18 мың тонна) өсім байқалады.
«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлық сала өкілдерін қолдау, экспорттық бағытты күшейту және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында кешенді шаралар легін жалғастырады», - делінген хабарламада.



