Мектептерде қанша «Еңбек Ері» атағын алған ұстаз қызмет етеді

Бүгін, 20:02
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views31
Мектептерде қанша «Еңбек Ері» атағын алған ұстаз қызмет етеді
Фото: Оқу-ағарту министрлігінен

Қазақстанның тарихында жоғары мемлекеттік награда «Еңбек Ері» атағымен марапатталған тоғыз педагогтің есімі белгілі. Олардың ішінде Социалистік Еңбек Ерлері Жақия Шайжүнісов, Құдыс Әбсәметов, Рафиқа Нұртазина, Маржан Тасова бар, деп хабарлады Elordainfo.kz.

2008 жылы «Қазақстанның Еңбек ері» атағымен академик Аягүл Миразова марапатталды, ал 2018 жылы бұл жоғары атақ Шымкент қаласындағы А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Алина Соловьеваға берілді.

Арада 5 жылдан кейін 2023 жылы 5 қазанда абайлық мұғалім Алма Шүкіжанова марапатталды. 2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихында алғаш рет бірден екі мұғалімге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен Алтын жұлдыз айрықша ерекшелік белгісін және «Отан» орденін тапсырды. Олар – Алматы қаласындағы №4 арнайы мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Гүлжанар Нұрпейісова мен Орал қаласындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Эльмара Траисова.