Оралда қайтарылған активтер қаражаты есебінен салынған жаңа мектеп ашылды

Фото: primeminister.kz
Орал қаласында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған №8 мектеп-лицейі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол 1952 жылы салынған апатты мектептің орнына салынды. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім беру жағдайын жақсарту және сапалы білімнің баршаға бірдей қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды.
Бұған дейін Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан мектеп құрылысына 2,8 млрд теңге бөлген еді.
Жаңа ғимарат 400 оқушыға шақталып салынған және балалардың білім алуына барлық жағдай жасалған.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 10:15
ДСМ медициналық ЖОО-ларға түсушілерге талапты күшейтті

1 қазан, 2025
«Білім теңсіздігін жою»: жаңа министр қандай жұмыстарға басымдық беретінін айтты

1 қазан, 2025
Тоқаев бір топ ұстазды мемлекеттік наградамен марапаттады

30 қыркүйек, 2025
Елде 300-ден астам балаға қосымша білім алу бойынша ваучер берілді