«Білім теңсіздігін жою»: жаңа министр қандай жұмыстарға басымдық беретінін айтты

Жаңадан тағайындалған Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім саласында қандай жұмыстарға басымдық беретінін айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Маған берілген нақты тапсырма – білім сапасын арттыру. Қала мен ауыл балалары арасындағы білім теңсіздігін мейлінше толыққанды жою. Сонымен қатар білімнің мазмұнын басқа жерден көшіріп алмай, жалпы өзіміздің нақты қалыптасқан академиялық ерекшеліктер мен академиялық басымдықтарды зерделей отырып, бүгінгі заманауи технологиялық бәсекелестікті дамытатын, балалардың ойын дамытатын жүйелі, сапалы білім беру. Негізгі міндет – әрине, Мемлекет басшысының сенімін ақтау, сонымен қатар осы берілген тапсырмаларды сапалы орындау, елімізге, халқымызға адал қызмет ету», - деді Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетсек, бұған дейін Жұлдыз Сүлейменованың Мәжілістегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтағаны туралы хабарлаған болатынбыз.



