«Үркер» ұлттық сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды

Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер-2025» ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.
Өтінімдер 2025 жылғы 1-20 қазан аралығында қабылданады.
Конкурстық жұмыстар 2024 жылғы 12 тамыз бен 2025 жылғы 30 қыркүйек аралығында республикалық немесе өңірлік баспа және интернет-басылымдарда жариялануы, не радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына ғана қатыса алады.
Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 11 номинация бойынша қабылданады:
- Жылдың үздік сұхбаты;
- Жылдың үздік репортажы;
- Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал;
- Жылдың үздік журналистік зерттеуі;
- Жылдың үздік аналитикалық материалы;
- Радиостанциядағы үздік жоба;
- Жылдың үздік фотосуреті;
- Жылдың үздік жаңалықтар порталы;
- Жылдың үздік өңірлік БАҚ-ы;
- Жылдың үздік подкасты
- Жылдың үздік YouTube-арнасы.
Жұмыстарды беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен медиасарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды.
Конкурс қорытындысы бойынша әр номинация жеңімпазына «Үркер-2025» естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады.
«Үркер» ұлттық сыйлығы – баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі.



