00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Көздің көруін нашарлататын азық-түлік аталды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Көздің көруін нашарлататын азық-түлік аталды

Мамандар осы өнімдерді бей-берекет жеудің салдары туралы айтты. Мысалы, ақ нанның құрамындағы крахмалдың жоғары мөлшері ұйқы безінің инсулинді көбірек түзуіне түрткі болады. Ал инсулиннің артық мөлшері көздің ішкі тор қабатына кері әсер етуі мүмкін.

Газдалған сусындар мен чипс өнімі құрамында жалпы ағзаға, соның ішінде көру органдарына зиян келтіретін көп қоспа бар, деп хабарлайды mk.ru сайты.

Алкогольді ішімдіктерді жиі тұтыну да көздің нашар көруіне себеп болуы ықтимал. Себебі, спирт тамырды тарылтады.