Елордада танымал әнші Jony-ге көшет сыйлады

Фото: қалалық әкімдіктің ресми сайтынан
Елордалық әуежайда танымал әндердің авторы, орындаушы Jony-ге көшет сыйға берілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сол күні Jony бұл ағашты қаланың ботаникалық бағына отырғызды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты мәлімдеді.
Jony осындай ерекше сый үшін ризашылығын білдірді. Боз арша көшеті ботаникалық баққа отырғызылды.
Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакция жалғасып жатыр. Ауқымды экоакция шеңберінде жасыл екпелерді отырғызу, қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріздерін, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды және т. б. жинау жұмыстары жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 14:01
Елордада Taza Qazaqstan акциясы аясында велошеру ұйымдастырылды

Бүгін, 13:36
Астанада Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бүгін, 11:12
Астанада «Үздік жас отбасы» байқауының іріктеу кезеңі өтіп жатыр

Бүгін, 10:20
«Тұралаған туризмді тірілту керек» – Жарқынбек Амантайұлы