Мәдина Әжікенова: Елге қомақты инвестиция тарту – басты мақсаттардың бірі

Президент «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын еліміздің экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күші ретінде қарастырып, осы бағытта көптеген ауқымды жұмыстарды жүзеге асыру қажеттігін айтты. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының депутаты Мәдина Әжікенова Elordainfo.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.
«Президент айтқандай, елімізге қомақты инвестиция тарту – бүгінгі таңда басты мақсаттардың бірі. Жолдауда экономиканы жаңғырту үшін ЖИ технологияларын кеңінен қолдану міндеті қойылды. Осы мақсатта жаңа министрлік құрылмақ. «Ол үшін, ең алдымен Цифрлық кодексті тезірек қабылдаған жөн. Бұл заңда цифрландыру үдерсінің ненізгі бағыттары, соның ішінде жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен дерекқорларды пайдалану және басқа да мәселелер айқындалуға тиіс» деді Президент. Ал оны Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы қажеттігі айтылды», - деді депутат.
Президент үкіметке экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай ЖИ-ді енгізу қажеттігін жеткізді.
«Бұл – еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырады және цифрлық трансформацияны жеделдетеді. Жолдауда Бас прокуратураның Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитетінің атауы «Инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі комитет» деп өзгертілетіні айтылды. Менің ойымша, бұл инвесторлардың сенімін арттыруға бағытталған дұрыс шешім. Сонымен қатар, Президент заңсыз активтер иелерімен нәтижелі жұмыс жүргізіп, мемлекет қазынасына шамамен 850 миллиард теңге қайтарылғанын атап өтті», - деді спикер.
Президент бұл қаржы он мектеп, төрт спорт ғимаратын салуға, 235 денсаулық сақтау нысаны мен 177 су инфрақұрылымыны нысанының құрылысына және жөндеу жұмыстарына бөлінгенін айтты.
«Мемлекет басшысы Жолдауда Alatau City жобасының институционалдық негіздерін қалыптастыруға ерекше тоқталды. Президент өз сөзінде «Қаланы ел Үкіметіне тікелей бағынатындай етіп, оған арнайы мәртебе беру туралы Жарлықты он күн ішінде әзірлеу керек. Содан кейін жарты жылдан асырмай, жеке заң қабылдау қажет. Құжатта қаланы басқару режимі, оның қаржылық можелі және басқа да маңызды мәселелер қамтылуға тиіс. Alatau City аймақтағы толық цифрланған алғашқы қалаға айналуға тиіс», - деді. Мұнда Қасым-Жомарт Тоқаев Smart City технологияларын енгізіп, тауарлар мен қызмет кақысын криптовалюта арқылы төлеу жүйесін енгізу бұл жобаның басты жаңалықтарының бірі екенін атап өтті. Осылайша Alatau City еліміздің цифрлық трансформациясында жаңа белес болмақ. Жалпы Мемлекет басшысның Жолдауы – елдің ЖИ мен цифрлық технологияларды игеруде жаңа кезеңге аяқ басатынын айқындайын маңызды құжат», - деп сөзін түйіндеді Мәдина Әжікенова.



