Айбек Оралбай мен Аида Әбікеева – Ливерпульде алтын үшін жұдырықтасады

2025 жылғы бокстан әлем чемпионатының (World Boxing) Ливерпульде (Англия) өтетін сегіз финалдық жекпе-жегі белгілі болды. Бұл туралы Sports.kz жазды.
Бұл финалдардың екеуінде қазақстандық боксшылар бақ сынайды:
Ерлер арасында — Айбек Оралбай (90+ кг),
Әйелдер арасында — Аида Әбікеева (65 кг).
Екеуі де Өзбекстан спортшыларымен кездеседі.
Финалдық жекпе-жектер тізімі:
Ерлер:
60 кг – Абдумалик Халоков (Өзбекстан) vs Луис Габриэл де Оливейра (Бразилия)
75 кг – Рами Киван (Болгария) vs Фазлиддин Эркинбоев (Өзбекстан)
90 кг – Исаяс Сантос Рибейро Фильо (Бразилия) vs Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан)
90+ кг – Айбек Оралбай (Қазақстан) vs Джахонгир Зокиров (Өзбекстан)
Әйелдер:
57 кг – Юлия Шеремета (Польша) vs Жасмин (Үндістан)
60 кг – Ребека де Лима Сантос (Бразилия) vs Анета Рыгельска (Польша)
65 кг – Аида Әбікеева (Қазақстан) vs Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
80+ кг – Нупур (Үндістан) vs Агата Качмарска (Польша)