Жасөспірімдер Азиадасында Александр Румынский рекорд жаңартты

Бүгін, 10:41
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views46
Жасөспірімдер Азиадасында Александр Румынский рекорд жаңартты
Фото: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық жүзгіш Александр Румынский алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ол 100 метрге арқамен жүзуде қарсылас шақ келтірмеді.

Румынский қашықтықты 56.44 уақытта жүзіп өтті. Осылайша жасөспірімдер арасында Азия ойындарының рекордын жаңартты.

Күміс жүлдені Қытай спортшысы Цзы Шицы (56.56) жеңіп алса, қола медальді Тайбэй өкілі Кай Чан (56.78) иеленді.