Шымкент қаласында Nazira Gold қаржы пирамидасы бойынша сот үкімі шықты

Бүгін, 12:22
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views62
Шымкент қаласында Nazira Gold қаржы пирамидасы бойынша сот үкімі шықты
Фото: freepik.com

Өзін зергерлік бұйымдарды сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға ай сайын салынған қаржының 20-40% көлемінде табыс уәде еткен, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚМА-ға сілтеме жасап. 

Алайда төлемдер нақты табыстан емес, жаңа салымшылардың есебінен жүзеге асырылып отырған.

Нәтижесінде қаржы пирамидасына 4 мыңнан астам азамат тартылған.

Күдіктілер салымшылардан түскен ақшаны қымбат автокөліктер, жер телімдері мен пәтерлер сатып алуға жұмсаған.

Сот үкімімен 9 адам кінәлі деп танылып, оларға 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар сот шешімімен 402 млн теңге көлеміндегі қаражат, 52 автокөлік, жеке тұрғын үй, элиталық тұрғын үй кешендеріндегі 2 пәтер, сондай-ақ 17 келі зергерлік бұйым мемлекет пайдасына тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.