Суды үнемдеп пайдалану маңызды: Президент Қызылорда облысында атқарылған жұмысқа оң баға берді

Бүгін, 16:17
Нұрдәулет Кәкіш Нұрдәулет Кәкіш
views62
Суды үнемдеп пайдалану маңызды: Президент Қызылорда облысында атқарылған жұмысқа оң баға берді
Фото: Ақорда

Қызылорда облысының жұртшылығымен кездесуі кезінде Президент өңір үшін су тапшылығы өте өзекті мәселе екенін жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Су тапшылығына баса назар аударамыз. Келешекте де су мол болады дей алмаймыз. Оған дайын болуымыз керек. Су үнемдеудің жоғары технологиясын қолданғанымыз жөн. Мемлекет субсидия беріп жатыр. Биыл ауыл шаруашылығына 1 триллион берді. Бұл – үлкен мүмкіндік», – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қызылорда облысында атқарылған жұмысқа оң бағасын берді.