«ҰБТ тапсыруға көмектесемін»: Павлодарда 1 млн теңгені алаяқтықпен алған күдікті ұсталды
фото: Оңалхан Өнерхан
Павлодарда ҰБТ-ға көмектесемін деп 1 млн теңге алған бұрынғы мұғалім ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға жәбірленуші ер адам жүгініп, Павлодар қаласындағы мектептердің бірінде бұрын мұғалім болып жұмыс істеген азаматтың ҰБТ-ны тапсыруға көмек көрсетемін деген желеумен өзінен 1 млн теңге көлемінде ақша алғанын хабарлаған.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта күдіктінің өңір аумағында осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Полиция азаматтарға егер осындай алаяқтық әрекеттердің құрбаны болса, бірден құқық қорғау органдарына жүгінуді ескертеді.
Айта кетейік, биылғы жылдың басынан бері Павлодар облысында 1872 киберқылмыс тіркелген.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 15:13
Құтқарушылар Алматы тауларында адасқан туристерді эвакуациялады
Бүгін, 13:12
Құлсары қаласында көшеде жүрген түйе баланы таптап кетті
Бүгін, 12:52
Жамбыл облысында оқушының сабаққа қатыспағаны үшін ата-анасы жазаланды
Бүгін, 11:34
Ақтөбедегі жол апаты: ауыр жарақат алған бір адам Астанаға жеткізілді
