FAIO 2025: Қазақстанда жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада басталды

Бүгін, 12:01
Нұрдәулет Кәкіш Нұрдәулет Кәкіш
views49
FAIO 2025: Қазақстанда жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада басталды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанда FAIO 2025 – жасанды интеллект бойынша екінші халықаралық олимпиада өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

30-31 қазан күндеріне жоспарланған бұл олимпиада жасанды интеллект саласындағы оқушылардың ең ірі командалық жарысы болып саналады.

Биылғы іріктеу кезеңіне 9 елден 400-ден аса команда қатысты. Қазақстан, Ресей, Болгария, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан және Кипр сынды елдерден жалпы саны 1200-ге жуық қатысушы бақ сынап, оның ішінде 200-ден астамы финалдық кезеңге жолдама алды.

Енді Алматы қаласында өтіп жатқан финалда 7 елден келген 51 команда тартысқа түседі.

Халықаралық бәсеке 2024 жылы алғаш рет өткізілді. Оған еліміздің әр өңірінен 300-ден аса команда қатысып, олимпиада финалистері Бейжің қаласында өткен Халықаралық AI олимпиадасында (IOAI) жоғары нәтижелерге қол жеткізген болатын.